Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен ауданының соты «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС бұрынғы директоры Болат Байшуақовқа қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Антикор хабарлап отыр.
Байшуақов кәсіпорынның сеніп тапсырылған мүлкін аукцион өткізбестен, заңсыз сату және түскен қаражатты иемдену арқылы ірі мөлшерде жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды, — делінген хабарламада.
Болат Байшуақов төрт жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды.
Сот актісі заңды күшіне әлі енген жоқ.