Басты бетЖаңалықтарБатыс Қазақстанда Жайық өзеніндегі су деңгейі қайта көтерілді

Батыс Қазақстанда Жайық өзеніндегі су деңгейі қайта көтерілді

Батыс Қазақстан облысында өзендердің көпшілігінде су деңгейі түсті. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлап отыр.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 27 наурыз күнгі таңдағы мәліметіне қарағанда, Жайық өзенінде Бөрлі ауданы Жарсуат ауылы тұсында бір тәулікте 39 см көтеріліп, 613 сантиметрге (қауіпті шегі – 1 мың см) жетті.

Сонымен қатар Бәйтерек ауданы Январцев ауылында 449 см (+22 см, қауіптісі – 1 мың см), Орал қаласында 336 сантиметрді (+19 см, 850 см) көрсетті.

Жайықтың саласы Елек өзені Шыңғырлау ауылында 625 см (+9 см, 750 см), Шаған Бәйтерек ауданы Мичурин тұсында 430 см (+27 см, 1 100 см) болды.

Орынбор облысында Иреклі қоймасынан Жайық өзеніне секундына 30 текше метр су жіберіліп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да