Басты бетЖаңалықтарЖыл басынан бері құқық бұзған 142 жолаушы ұшақтан түсірілді

Жыл басынан бері құқық бұзған 142 жолаушы ұшақтан түсірілді

Жыл басынан бері 142 жолаушы түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әуе рейстерінен түсірілді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.

Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері әуе рейстерінде болған түрлі құқық бұзушылықтар үшін 142 адамды анықтап, жауапқа тартты. Ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтар арасында ішімдік ішу және қоғамдық орындарға масаң күйінде келу (83 дерек), ұшақта темекі шегу (40 дерек), ұсақ бұзақылық (12 дерек) және басқа да әуе кемесінде орын алған тәртіп бұзушылықтар бар.

Кейінгі оқиғалардың бірі Ақтөбе қаласының 24 жастағы тұрғынына қатысты болды. «Алматы-Ақтөбе» рейсі ұшып келгеннен кейін Ақтөбе қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері ұшақтың дәретханасында электрон темекі шеккен әйелді анықтап, ұстады. Құқық бұзушыға қатысты әуе кемесінің бортында темекі бұйымдарын тұтыну фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, — деп жазылған хабарламада.

Көліктегі полиция департаменті ұшақта темекі шегудің қауіпсіздікке үлкен қатер тудыратынын ескертеді. Темекінің ұшқыны тез тұтанатын материалдарды өртеп жіберуі мүмкін, ал түтіні болса жолаушылар мен экипаж мүшелерінің денсаулығына зиян келтіреді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да