Қазақстанда Наурыз мейрамын тойлау кезінде 21 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан сарбазы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жатыр.
Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, еліміздің түкпір-түкпірінде жаппай серуендер мен мерекелік концерттер өтетіндіктен, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында патрульдік қызмет күшейтілді. Сонымен қатар қала көшелері мен алаңдарда тәулік бойы бейнебақылау жүргізіліп жатыр.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері азаматтардың мейрамды алаңсыз атап өтуіне жағдай жасап жатыр, — делінген хабарламада.