Қаржы министрлігі Қазақстанның Қырғызстанмен мемлекеттік шекарасы арқылы ақылы негізде электрон кезекті пайдаланатын автомобиль өткізу бекеттерінің тізімін бекітті.
Бұл автокөліктерге, жүктерге және тауарларға қатысты.
Ведомство өткізу бекеттерінің тізімі енгізілген 14 наурыздағы бұйрықты жариялады:
- Айша-Бибі;
- Ауқатты;
- Қарасу;
- Кеген;
- Қордай;
- Сарытөбе;
- Сыпатай батыр.
Бұйрық 2025 жылғы 30 наурыздан бастап күшіне енеді.