Басты бетЖаңалықтарАлматыда 19 жастағы мопед жүргізушісі жол апатынан қаза болды

Алматыда 19 жастағы мопед жүргізушісі жол апатынан қаза болды

Алматыда жол-көлік оқиғасының салдарынан бір адам қайтыс болды. Бұл туралы қаланың полиция департаменті хабарлап отыр.

ПД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кеше сағат 20:50-де Алматының Алатау ауданында болған.

Мопед жүргізушісі Мөңкеұлы көшесімен батыс бағытта келе жатып, Сүмбіле көшесінің қиылысында «Жол бер» белгісіне қарамай, жол қиылысына шығып кетіп, солтүстік бағытта келе жатқан «Хово» жүк көлігімен соғысқан. Апаттан мопедтің 19 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза болды, — делінген хабарламада.

Полиция адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да