Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Төребаевты жаңа лауазымға тағайындады. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Мемлекет басшысының жарлығымен Қайрат Қалмұқаметұлы Төребаев Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қайрат Төребаев 1979 жылы Алматыда туған.
2000 қазақ мемлекеттік басқару академиясын және 2012 жылы Берн Университетінің Дүниежүзілік сауда институтын бітірген. Мамандығы — халықаралық экономист, халықаралық құқық және экономика магистрі.
2001 жылдан 2012 жыл аралығында ҚР сыртқы істер министрлігі жүйесінде жұмыс істеді.
2012 жылдан 2014 жыл аралығында ҚР экономикалық даму және сауда министрінің кеңесшісі, ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, директоры қызметтерін атқарды.
2014 жылғы қазаннан бастап қазірге дейін ҚР ұлттық экономика министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры ретінде болып жұмыс істеді.