Басты бетЖаңалықтарЖетісу облысында жолды су шайып кетті

Жетісу облысында жолды су шайып кетті

Жетісу облысында қираған жол учаскесі жедел түрде қалпына келтірілді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ақсу ауданында «Жансүгіров-Матай» автожолының 34-ші шақырымында су өткелінің тозуына байланысты темірбетон құбыры мен жол төсемінің бір бөлігі қирады, — деп жазылған хабарламада.

Көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Жергілікті полиция қоршау белгілерін орнатты, ал ЖАО мен жол қызметінің күштері жедел жөндеу жұмыстарын жүргізді: құбыр өткелін төсеп, топырақты толтырып, нығыздады.

Қозғалыс қысқа мерзімде қалпына келтірілді. Қазір су транзитпен өтіп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да