Басты бетСеріктестік материал19 жыл көшбасшы: Samsung теледидар нарығындағы басымдықты қалай сақтап отыр?

19 жыл көшбасшы: Samsung теледидар нарығындағы басымдықты қалай сақтап отыр?

Samsung Electronics 19 жыл қатарынан жаhандық теледидар нарығында көшбасшы болып келеді.

2024 жылы Omdia сараптама компаниясының дерегі бойынша компания нарықтың 28,3%-ін жаулап, басымдығын тағы дәлелдеген.

Табысты болғанның құпиясы жоқ. Samsung ондаған жыл бойы теледидарларды жай ғана контент тамашалауға арналған құралдан да басып озар бұйымға айналдыратын инновацияларды енгізе отыра, тұтынушылардың сеніміне және қолдауына ие болды.

Кейінгі жылдары компания премиум үлгілерге және аса үлкен экрандарға мән бере бастады, бұл өзін ақтап та жатыр. 2024 жылы әлем бойынша сатылған құны $2500 басталатын әрбір екінші теледидар Samsung-тыкі (нарықтың 49,6%-і). Экрандардың 75 дюймнан басталатын санаттарында компания үлесі — 28,7%.

Фото: Samsung

QLED және  OLED технологиялары — өсу шегінің бас тіректері. 2024 жылы ғана Samsung 8,34 миллион QLED-теледидарын сатып, жаhандық нарықтың 46,8%-ін қамтыды. Бұл тұтынушылардың әлі күнге дейін жарқын түстерді және жоғарыда айтылған технологияның алуантүрлігін жоғары бағалайтынын көрсетеді. OLED-бағыт та қарқынды түрде дамып жатыр: компанияның OLED-теледидарларын сатуы жылына 42% артып, 1,44 миллион теледидарға жетті. Нәтижесінде Samsung OLED нарығындағы 27,3%-ті қамтып, басқа өндірушілер дәстүрлі түрде үстемдік еткен сегменттерде де позициясын нығайтты.

Samsung теледидар көруді нағыз әсерлі сәтке айналдырады.

Жетілдірілген үшінші буындағы NQ8 AI процессоры бар флагмандық Neo QLED 8K QN900D-ға дейін жеткізеді – 512 нейрон желіге негізделген 8K AI Upscaling Pro технологиясы кескінді талдайды және оны өте айқын 8K деңгейіне дейін жақсартады. OLED 4K S95D моделі де таңқалдырады: жарқырауға қарсы технология тітіркендіргіш шағылысуларды жояды және OLED HDR Pro жарықтығы нақтылап көрсетуді жаңа деңгейге көтереді.

Фото: Samsung

Алайда сурет әсердің жартысындай ғана. Samsung теледидарларындағы ЖИ-технологиялары кеңістік және контентке икемдей отыра дыбысты теңшейді: диалогтар анығырақ естіледі, ал арнайы эффектілер көрерменді баурап алып, ішінде болғандай әсер етеді. Енді көрермен фильм көріп, ойын ойнағанда және спорттық хабарлар көргенде соның ішінде жүргендей күй кешеді.

Samsung инновациялық теледидарларын бөліп төлеу және тегін жеткізуды қоса алғанда, тиімді шарттармен  Samsung ресми интернет-дүкенінен немесе компанияның серіктестерінен сатып ала аласыз.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да