Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлап отыр.
Астанада түнде және таңертең тұман түседі.
Алматыда кей уақытта тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады.
Шымкентте түнде және таңертең жауын-шашын, көктайғақ, тұман, қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні — 15-20 м/с болады.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында шығыстан соғатын желдің екпіні — 15-20 м/с жетеді.
Күндіз оңтүстікте, Алматы облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, оңтүстікте, шығыста, облыстың таулы аймақтарында — 15-20 м/с, күндіз солтүстікте, облыстың шығысында екпіні — 23-28 м/с болады.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және батысында тұман түседі.
Ақмола облысының шығысында тұман түседі.
Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, шығысында және орталығында тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі.
Жетісу облысының батысында, орталығында, таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі. Шығыста, орталықта, облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20, күндіз — 23-28 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.
Түнде Қарағанды облысының батысында аздаған қар жауады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар жауады, боран соғады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қар жауады, күндіз қалың қар жауып, бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.
Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында қар жауады, күндіз жауын-шашын болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман, көктайғақ, қар жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, күндіз орталықта, облыстың шығысында екпіні — 15-20 м/с жетеді.
Түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталықта, күндіз солтүстік-шығыста қар мен көктайғақ күтіледі. Батыста, солтүстік-шығыста, облыс орталығында тұман түсіп, бұрқасын болады. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 20-22 градус аяз сақталады.
Павлодар облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында және оңтүстігінде тұман түседі.
Түркістан облысында жауын-шашын, көктайғақ, түнде және таңертең оңтүстікте, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі.