«Қазгидромет» РМК синоптиктері 1, 2 және 3 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері батыс аймақтарға циклон әсер етіп, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттар ықпалынан қар жауып, боран соғады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр мен қар жауады.
2 наурызда республиканың солтүстік-батысында қар жауады, 2-3 наурызда оңтүстікте, 3 наурызда оңтүстік-шығыста жауын-шашын жауады. Сонымен қатар тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.
Ауа температурасы:
- Батыс, солтүстік-батыс, солтүстікте түнде -8…-23°C;
- Шығыста, орталықта түнде -10…-26°C;
- Оңтүстікте түнде -2…-15°C;
- Оңтүстік-шығыста түнде -3…-10°C, таулы аймақтарда -12…-20°C болады.