8 наурыз – әйелдерді мерекесімен құттықтап, гүл сыйлап қана қоятын емес, құрбыларыңмен кездесіп, жайлы атмосферада бірге кеш өткізуге жақсы себеп.

Үйде өтетін мереке – әңгіме-дүкен құрып, сергіп, жылы естеліктерін сақтығысы келетіндер үшін таптырмас демалыс түрі. Оны қалай ұйымдастыруға болады? Бұл материалда кешіңізді ерекше ететін идеяларды және Ozon-нан табуға болатын пайдалы тауарларды айтамыз.

1-қадам: Жайлы кеңістік жасаңыз

Кешке жиылғандардың көңіл-күйі көбіне кеңістіктегі атмосфераға байланысты. Сондықтан жайлы орта жасау үшін кеңістікті дұрыс безендірген жөн. Сәнді жастықшалар мен жамылғыштарды қойып қойыңыз, хош иіс шығаратын шамдарды жағыңыз. Түрлі-түсті болып жанатын гирляндаларды немесе көзді ауыртпайтын ерекше жарық шамын қосыңыз, құмыраға хош иісі шығатын гүл салып қойыңыз. Ерекше атмосфера болғанын қаласаңыз, қызойнаққа талғамыңызға қарай бір тақырып таңдауға болады: «Пижама кеші», 90-жылдар стилі, винтаж және тағы басқа.

2-қадам: Дәмді тағамдар

Дәмді тағам – кез келген мерекенің маңызды бөлігі. Дегенмен арнайылап дәстүрлі дастарқан жаюдың қажеті жоқ. Жеңіл тіскебасарлар мен тәттілер әңгіме-дүкен құрып отыратындарға тамаша атмосфера сыйлайды. Бір ыдысқа жүзім мен ірімшік, жаңғақ пен бал салып қойыңыз, канапе немесе мини-бутербродтар жасаңыз. Соус қосылған көкөніс таяқшаларын дайындаңыз, жемістерді турап қойыңыз. Тамақ піісіргіңіз келмесе, жай ғана суши мен пиццаға тапсырыс бере салыңыз. Сусын ретінде коктейль, қолдан әзірленген лимонад, жидек қосылған шай немесе капучинаторыңыз болса, көбігін көп етіп кофе қайнатуға болады.

3-қадам: Көңілді кешке арналған ойын-сауық

Мереке есте қалатындай көңілді өтуі үшін арнайы бағдарлама құрған абзал. Шығармашылық шеберлік класын ұйымдастыруға болады. Мысалы: сурет салу, қолдан әшекей не шам жасау. Тағы бір ерекше идея – реквизиттермен, әдемі аксессуарлармен және фотозонамен фотосессия жасау.

Әңгіме-дүкен құрып, бейресми өтетін кештерді үстел ойындары қызығырақ етеді: «Имажинариум», «Диксит», викторинасы, Uno немесе Alias.

Ал жай ғана демалғыңыз келе ме? Караоке, би кешін немесе үйде жайлы атмосферада кино көріңіздер.

4-Қадам: Қонақтарға арналған тосын сыйлар

Қонақтарға арнап шағын қорапқа косметика заттарын, хош иіс шығаратын шамдар, шоколад немесе тілек жазылған ашықхат дайындаңыз. Оған қоса байқау ұйымдастырып, оған қатысқандарға шағын сыйлық беруге болады. Мұндай ерекше тосын сыйлар мерекелік көңіл-күй қалыптастырып, кешті ерекше етеді.

косметика
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

Кешті мінсіз өткізу үшін не керек?

Қызойнаққа дайындалып, жайлы атмосфера құру үшін керек-жарақты алдын ала алған жөн. Керек заттың бәрін бір жерден – Ozon-нан оңай табуға, тапсырыс беруге, кез келген ыңғайлы әдіс арқылы алып кетуге болады. Осыған байланысты кешке қажет болатын заттар топтамасын ұсынамыз:

  1. Мұзға арналған қалыптар. Жүрек, гүл немесе қонжық пішініндегі мұз коктейльді ерекше ете түседі.
  2. Коктейльге керек заттар. Бокалдар, шейкер, коктейль түтікшелері мен сироптар дәмді сусын дайындауға көмектеседі.
  3. Жарқ-жұрқ етіп жанып тұратын шар. Мұндай шар кеңістікті түрлендіріп, кештің атмосферасын қалыптастырады.
  4. Кешке арналған ультрасәулелі шам. Мұндай гаджет тиімді антураж қалыптастырады: жанып тұратын өрнектер, ерекше жарық, кешкі атмосфера. Кеңістік одан әрі әсерлі болуы үшін қабырғаларға, баннерлерге флуросцентті бояу арқылы сурет салуға болады. Сонда олар ультракүлгін сәуле арқылы жарқырап жанып тұрады.
  5. Биге арналған кілемше. Кешке жиылғандарданды шағын топқа бөліп, олардың арасында жарыс сияқты интерактив ойын ұйымдастыруға болады.
  6. Мультимедиялық проектор. Бұл зат арқылы үйдің ішін кинотеатр етіп фильм тамашалауға немесе ортақ фотоларыңызды көруге болады.
  7. Фотосессияға арналған аксессуарлар. Ozon-нан кез келген жинақты —  фотозонаға арналған каркасты, жанып тұратын фотоқабырғаларды, жасанды раушан гүлдердің жапырақтарын, қалпақты, тәжді және түрлі бетпердені табуға болады.
  8. Портативті бу саунасы. Құрбылармен бірге SPA рәсімдерін өткізу – тамаша демалыс түрі. Мұндай саунаның денеге және бетке арналған түрі бар.
  9. Күтімге арналған косметика жиынтығы. Бірден пайдаға жарайтын таптырмас сый.
  10. Үстел ойындары. Көңілді кешке классикалық әрі ерекше карта арқылы ойнайтын ойындар ұйымдастыруға болады.

Үйде өтетін қызойнақ — жақын адамдарыңмен бірге уақыт өткізуге, сергуге, көңілді кештен ерекше әсер алуға жақсы мүмкіндік. Бастысы – детальдарға мән беру, жақсы көңіл-күйде болу және құрбыларыңызды қуантуға деген ниетіңіздің болуы. Ал жайлы әрі көңілді кешке қажет керек-жарақтың бәрін Ozon-нан таба аласыз.