Биыл Алматыда 20 шақырымға жуық веложол салу жоспарда бар. Бұл туралы қалалық мобилділік басқармасы хабарлап отыр.
Басқарманың мәліметінше, 2024 жылы Саин—Мөңке би жолайрығын салу аясында 2,4 шақырым веложол жабдықталды.
Биыл Абай даңғылын қала шекарасына дейін және Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейін ұзарту аясында 7,2 км веложол салынады. Сонымен қатар Райымбек батыр даңғылы бойынша BRT желісін салу аясында шамамен 15 шақырымды жабдықтау жоспарда. Велоинфрақұрылымды жүйелі дамыту 2030 жылға дейінгі көлік қаңқасының мастер-жоспарында көзделген, — делінген хабарламада.
Алматыда 89 шақырым велоинфрақұрылым бар. Оның ішінде: веложолақтар — 25 км, веложолдар — 63,8 км. Одан бөлек қала бойынша вело-секциясы бар 73 бағдаршам және велосипедшілерге арналған 1 025 жол белгісі бар.