Шымкент пен Атырау әуежайларында криминалдық полиция қызметкерлері Өзбекстан аумағында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген үш Түркия азаматын ұстады.
Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.
Ташкентте ер адамдар бетперде тағып, бөтен біреудің көлігін басып алуға тырысқан. Алайда жәбірленушілердің белсенді қарсылығының арқасында шабуылдаушылар өздерінің қылмыстық жоспарын жүзеге асыра алмаған. Осылайша олар оқиға орнынан ізін суытқан.
Қарақшылық жасалғаннан кейін, іздеуге жарияланбастан бұрын қаскөйлердің екеуі Атырау облысында, ал үшіншісі Қазақстанның оңтүстігінде жасырынған. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде үш күдікті де ұсталып, уақытша ұстау изоляторларына қамалды.