Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда пойыз билеттерінің бағасы 7%-ке өседі

Қазақстанда пойыз билеттерінің бағасы 7%-ке өседі

Қазақстанда 2025 жылғы 1 наурыздан бастап пойыз билеттерінің бағасы 7%-ке өседі. Бұл туралы ҚТЖ хабарлап отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, тарифтердің көтерілуі барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттар мен кейбір қала маңы пойыздарына қатысты болады.

«Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 94-бабы 2-тармағына сәйкес, тарифті өзгерту қарастырылған.

Компанияның мәліметінше, жаңа тарифтер ұзақ мерзімді субсидиялау шарттарына сәйкес белгіленген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да