Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында есірткі зертханасы жойылды

Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды

Биыл 28 қаңтарда ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі зертханасын жойды.

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Психотроптық заттарды дайындау барысында Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясы бойынша қамауға алынды.

Тінту барысында 15 килограммнан аса «альфа-PVP» есірткі құралы мен кристалдану сатысындағы осы заттың 70 литрі, сонымен қатар 200 литр прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленген, — делінген ҰҚК хабарламасында.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық