Басты бетЖаңалықтарЕліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

11 ақпанда еліміздің басым бөлігін тұман басып, көктайғақ болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлап отыр.

Астана қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Күндіз Қарағанды облысының шығысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Ал Қарағанды қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Түнде Түркістан облысының тауларында қалың қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады.

Шымкент қаласында 11 ақпанда кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Сонымен қатар Түркістан қаласында 11 ақпанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың орталығында түнде 15-20 м/с күтіледі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Күндіз Алматы облысының шығысында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін барады. 11-13 ақпанда Алматы облысынның оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Алматы қаласында 11 ақпанда түнде және таңертең, 12-13 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ. Бұдан бөлек Қонаев қаласында 11-13 ақпанда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с баруы мүмкін. Ал Петропавл қаласында 11 ақпанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Күндіз жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Сондай-ақ, Павлодар қаласында 11 ақпанда күндіз жолдарда көктайғақ күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, Жарма ауданында екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ал Қостанай қаласында 11 ақпанда тұман күтіледі.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с күтіледі. Тараз қаласында кей уақытта тұман күтіледі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық