Басты бетPushАяна Жолдас Азиадада фристайл-акробатикадан қола медаль алды

Аяна Жолдас Азиадада фристайл-акробатикадан қола медаль алды

2025 жылғы Азия ойындарында Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан үшінші орын алды. Бұл туралы ұлттық олимпиада комитеті хабарлап отыр.

Финалда спортшы секіруден төрешілердің шешімі бойынша 76,54 ұпай жиып, қола медаль жеңді.

Жеңісті қытайлық Цю Мэнтао (90,94 ұпай) алды. Екінші орынды тағы бір қытайлық спортшы Чэнь Сюжень (81,58 ұпай) иеленді.

Ал Ардана Маханова шешуші кезеңге өте алмады.

8 ақпанда шорт тректен Қазақстан құрамасы аралас эстафетадан күміс медаль алған еді. Артынша Конькимен жүгіруші Евгений Кошкин 100 метр қашықтықта екінші болып келді. Шаңғышы Константин Борцовқа қола жүлде бұйырды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық