Басты бетЖаңалықтарАқтаудағы ұшақ апаты: тергеудің алдын ала қорытындысы шықты

Ақтаудағы ұшақ апаты: тергеудің алдын ала қорытындысы шықты

ҚР көлік министрлігі Ақтауда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer-190 ұшағына қатысты тергеудің алдын ала есебін жариялады.

Есептегі мәлімет бойынша, Грозный әуежайына екі рет қона алмағаннан кейін экипаж Бакуге оралуды ұйғарған. Сағат 05:13:32-де кері қайту кезінде ұшақтың негізгі басқару жүйелері жоғалған.

Әрі қарай, сағат 05.42-де экипаж Ақтаудағы қосалқы аэродромға шұғыл қонуға шығу туралы шешім қабылдады. Ұшақ бортында экипаждың бес мүшесі және 62 жолаушы болған. Апат салдарынан ұшақ командирі, екінші ұшқыш, аға бортсерік және 35 жолаушы (барлығы 38) қайтыс болды (оның ішінде алты Қазақстан азаматы, 25 Әзербайжан, жетеуі Ресей азаматы), екі бортсерік және 27 жолаушы түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алған. Салдарынан ұшақ қирап, жартылай жанып кеткен, — делінген хабарламада.

Апат салдарынан ұшақ толығымен қирап, жердегі өртте жартылай жанып кетті.

Ұшақ апаты Ақтау аэродромының 11 ұшу-қону жолағының шетжағынан солтүстік-батысқа қарай шамамен 5 шақырым жерде (Ақтаудан солтүстік-батысқа қарай шамамен 25 шақырым жерде) болған.

Тергеу комиссиясы ұшақтың артқы бөлігінен көптеген шұрық тесікті анықтаған. Бұған қоса, сол жақ мотор мен сол жақ қанаты да бүлінген. Кейбір тесік сырттан ұшып келген заттардан болған.

Еске салайық, 2024 жылғы 25 желтоқсанда Баку-Грозный бағытында ұшып келе жатқан ұшақ Ақтауда құлады.

Баку-Грозный бағытындағы ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Ұшақ бортында 67 адам болған, оның бесеуі – экипаж мүшесі. Апаттан 38 адам қаза болып, 29 адам аман қалды.

Жолаушылардың толық тізімі жарияланды. Ұшақ бортында Қазақстанның алты азаматы болған. Барлығы қаза болды.

Қазақстан президентінің тапсырмасы бойынша Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты мемлекеттік комиссия құрылды.

Әуе апатынан қаза болған отандастарымыздың аты-жөні жарияланды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ