Қазақстан азаматтарының несие портфелі жыл санап артып жатыр. Бұл туралы бірінші несие бюросының бас директоры Руслан Омаров айтты.
2025 жылғы 1 қаңтарда жеке тұлғалардың кредиттік ұйымдар алдындағы жалпы берешегі 24,1 триллион теңгеге жетті.
Оның айтуынша, жалпы несиелердің 90%-тен астамы кепілсіз тұтынушылық, ипотека және автонесиеге тиесілі.
- Кепілсіз тұтынушылық несие: қарыз көлемі 2025 жылдың басында 11,7 триллион теңгеге жетті (бір жылдағы өсім +22,9%).
- Ипотекалық несие: бір жылда 14,1%-ке өсіп, 2025 жылғы 1 қаңтарға қарай 6,7 триллион теңге болды.
- Келісімшарттар саны: 9,9%-ке артып, 627,6 мыңға жетті.
Қарыз алушылар саны 10,3%-ке өсіп, 600 мың адамға жетті. Жыл басындағы орташа қалған қарыз 10,6 миллион теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,8%-ке артық,– деді Руслан Омаров.