Астанада екінші ауысымдағы оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды. Бұл туралы қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
23 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-11 (12)-класс оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9-класс базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген хабарламада.