Басты бетЖаңалықтарТүркияда қонақүй өртеніп, 76 адам қаза болды

Түркияда қонақүй өртеніп, 76 адам қаза болды

Түркиядағы тау-шаңғы курортындағы қонақүйлердің бірі жанып кетті. Өрт салдарынан 76 адам қаза болып, 51 адам жараланды.

Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі хабарлап отыр.

Түркияның солтүстік-батысындағы Болу провинциясындағы тау шаңғысы курортындағы Grand Kartal қонақүйіндегі өртте 76 адам қаза болып, тағы 51 адам жарақат алды.

Өрт шыққан кезде 12 қабатты нысанда 230-дан астам адам болған. Олар терезеден төсек орынды белдеріне байлап, сырғып қашқан.

Болу провинциясының губернаторы Абдулазиз Айдынның айтуынша, алдын ала тергеу өрттің төртінші қабаттағы мейрамханада басталып, содан кейін жоғарғы қабаттарға тарағанын анықтаған.

Өрт құрбандарының көп болуына байланысты 22 қаңтар елде Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Ел президенті Режеп Тайип Ердоған қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, оқиғаға кінәлілердің лайықты жазасын алатынын айтты.

Қайғылы оқиғаға қатысы барлар, сонымен қатар абайсыздық пен құқық бұзушылықтарға кінәлілер заң алдында жауап береді, — деді Режеп Тайип Ердоған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық