Басты бетЖаңалықтарАлматы оқушылары...

Алматы оқушылары пайдалы өнім таңдауды үйреніп қайтты

Алматыдағы жалпы білім беретін №52 мектептің 3-класс оқушылары үшін дұрыс тамақтану негізін үйрететін экскурсия өтті. Оқушылар ірі халықаралық көтерме сауда орталығына барды. Балалар тауар белгісін дұрыс оқуды, пайдалы тағамдарды қалай таңдауды және сүйікті тағамы неден жасалатынын біліп қайтты.

Nestle компаниясы өкілдері ересектер бірінші өзі дұрыс тамақтануы керек. Содан кейін ғана баласы дұрыс тамақтанғанын қадағалайтынын айтып отыр.

Дұрыс тамақтану әдеті бала кезден қалыптасады. Зиян тағам орнына жеміс-жидек жеу — аз-аздан болса да пайдалы тамақ таңдау алғышарты. Мысалы, жақында Қазақстан мектептерінде жүргізілген зерттеу бойынша, «Дұрыс тамақтану мектебі» бағдарламасын аяқтаған балалардың көпшілігі тіскебасарға алманы таңдаған. Біз балалардың ерте жастан саналы түрде тағам таңдауын, түсінігін, талғамын қалыптастыруға тырысамыз. Ал дүкенге келіп ата-анасымен бірге тамақ таңдаса, дұрыс тамақтану әдеті бойына тез сіңеді деп ойлаймын, — деді компанияның Еуразия аймағындағы басшысы Максим Щетин.

Экскурсияда балаларға дүкен қалай жұмыс істейтіні, сүт өнімдерінен қандай тағам жасалатыны айтылды.

3-класс оқушысы Каримова Айгюн бүгінгі іс-шарадан не түйгенін айтып берді.

Сүт өнімінен көп тағам жасалатынын білдім. Сарапшы нан өнімдері туралы жақсы түсіндіріп берді. Қара нан өте дәмді екен. Бүгінгі іс-шарадан түйгенім: тағамды алмас бұрын жарамдылық мерзімін қарау керек екен, — деді Айгюн Каримова.

«Дұрыс тамақтану мектебі» бағдарламасы 2013 жылдан бастап Қазақстанда 250 000-нан астам оқушыны қамтыған. Жобаға алты-сегіз жас аралығындағы оқушылар қатысады, сабақтарды мұғалімдер арнайы жүйе бойынша өткізеді. Ал мұндай тәжірибе жүзіндегі іс-шара бірінші рет өтіп отыр.