Былтыр 1 361 Қазақстан азаматы хабар-ошарсыз кеткен

Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында ІІМ хабар-ошарсыз кеткен 1 361 адамның мекенжайын анықтады.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.

2024 жылы ішкі істер министрлігі Қазақстанның құқық қорғау органдарымен іздестіріліп жүрген 1 949 күдіктіні ұстады.

Олардың ішінде:

адам өлтіру бойынша — 43;

қарақшылық шабуыл бойынша — 22;

денсаулыққа ауыр зиян келтіру бойынша — 37;

зорлау бойынша — 6;

тонау бойынша — 68;

бопсалау бойынша — 21;

ұрлық бойынша — 484;

есірткі қылмысы бойынша — 91.

ТМД елдері мен алыс шет мемлекеттер үшін 844 қылмыскер ұсталды. Одан бөлек, хабар-ошарсыз кеткен 1 361 адамның мекенжайы анықталды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да