Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 518–524 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 27 желтоқсанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 515,25 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,18 теңге. Еуро — 535,91.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 525,5 теңге. Еуро 534—541 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 518 теңге, сатып алу құны — 524 теңге. Еуро 535 теңгеден сатылып, 545 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,09-5,25 аралығында саудаланып жатыр.
