Мазмұнға өту
Басты бет / Қоғам /

Бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін ҚР аумағының басым бөлігі антициклон сілемінің ықпалында болады. Осыған байланысты күн жауын-шашынсыз болып, тек елдің солтүстігінде, батысында ғана аздаған қар жауады.

Республика бойынша тұман түсіп, елдің батысында көктайғақ болады, Алакөл көлдері ауданында жел күшеюі ықтимал.

Астанада жауын-шашынсыз, күн бұлтты болады. Кейде тұман. Оңтүстік бағыттағы жел секундына 2-7 метр болады. Ауа температурасы түнде 12-14 градус, күндіз 6-8 градус аяз болады.

Алматыда да бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 10-12 градус, күндіз 1-3 градус аяз болады.

Шымкентте де бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыс жел секундына 3-8 метр болады. Түнде ауа температурасы 6-8 градус аяз, күндіз 5-7 нрадус жылы.

Мақалаға реакция