Алматыда 41 жыл қолданылған құбыр ауыстырылды

Алматының Әуезов ауданында 41 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды.

Алматыда Саин – Төле би – Өтеген батыр – Райымбек көшелерінің ауқымында ұзындығы 901 метр учаске қайта жаңартылды.

1983 жылы пайдалануға берілген құбыр ауыстырылып, қазіргі уақытта 17 көпқабатты тұрғын үй, бір балабақша мен төрт басқа нысанды жылу және ыстық сумен қамтамасыз етіп тұр.

Биыл қалада Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен ұзындығы 20 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылды. Жаңғырту жұмыстары жыл сайын жылытуаралық кезеңде жүргізіледі, биыл олар Алматы қаласының алты ауданында атқарылды, — деп хабарлады әкімдіктен.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да