Басты бетЖаңалықтар"Қазпоштада" сәлемдемелер...

«Қазпоштада» сәлемдемелер QR-кодпен беріледі

Мәжіліс депутаттары пошта туралы заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қарастыруға кірісті.

Соның аясында сәлемдемелерді QR-код пен SMS арқылы беру қызметін енгізу жоспарланып отыр.

Депутат Екатерина Смышляеваның айтуынша, QR-код пен SMS-ті пошта бөлімшесінде көрсетіледі. Сондықтан алаяқтарға алдану қаупі төмен.

Қашықтан QR-код пен SMS-ті ешкім сұрамайды. Бүгін басқа маркетплейстерден сәлемдемені қалай аламыз, тура солай Қазпоштада болады. Бір ғана мәселеге баса мән берген жөн, біздің азаматтарымызды телефонмен ешкімге код бермеу керектігін ескертіп қойғанымыз дұрыс. Сәлемдемені солай ғана аласыз деп алдаса да, сенбеу керек. QR-код пен SMS пошта бөлімшесінде ғана көрсетіледі, — деді Екатерина Смышляева бүгін мәжілістің жалпы отырысында.

Қазпошта басшысы Әсел Жанасованың сөзіне қарағанда, бүгінде ауыл тұрғындары, әсіресе, шалғай елді мекендер пошта қызметін жиі пайдаланады. Себебі басқа маркетплейстер алыс жерге бармайды. Ал ауыл тұрғындары интернет арқылы тапсырыс көп жасайды. Соның арқасында Қазпоштаның табысы да көбейді.