«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан аймақтарында болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Атмосфералық ағындардың өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде бұрқасындатып, қар жауады, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар, елдің оңтүстік-батысында жаңбыр жаууы ықтимал.
Республиканың шығысында қатты қар жаууы болжанады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, елдің оңтүстік-шығысында, шығысында көктайғақ болады.