Маңғыстауда қырылған итбалық саны 670 жетті. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша балық қорғау инспекциясының басшысы Андрей Руцкий хабарлады.
9 қараша күні Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Сайын Шапағатов ауылынан Сығынды мүйісіне дейінгі аралықта 137 өлі итбалық табылған.
Біз инспекторлар тобымен және комиссиямен бірге хабарлаған жерге барып, өзіміз де көрдік. Теңіз жағасына шығып қалған 137 итбалық тауып, акт толтырдық. Итбалық денелері қатты іріп кеткен. Тек бір итбалықта ғана балықшы ау құралдарының іздері байқалды. Мойнында жарақат белгілері бар. Қалғандарын сырттай қарау мүмкін емес, сынама алу да мүмкін емес, өйткені денелері қатты ыдырап кеткен, – дейді Андрей Руцкий.
Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстау облысында 533 итбалық өлексесі табылғаны туралы хабарланған.