Yandex Qazaqstan музыкалық ұсыныстарды қазақ тілінде шығарды

Яндекс Музыкада жаңа деңгейдегі жеке баптау пайда болды, енді қолданушылар «Менің толқыным»-да  қазақ тіліндегі тректерді ойнататындай етіп баптай алады.

Бұл ретте ұсынымдарға жергілікті қазақ тілімен қатар аралас типтегі тректер де енгізіледі. Бұл жаңарту қазақ тілінде музыка шығаратын орындаушыларға жаңа тыңдармандар табуға көмектеседі.

Біз пайдаланушылардың қазақ музыкасына деген қызығушылығын көріп отырмыз және біз үшін қазақстандық артистердің өз аудиториясын табу және көбейту үшін біздің технологияларды пайдалануы маңызды. Бұл жергілікті музыкалық сахнаны қолдаудағы маңызды қадам, — дейді Яндекс Плюс орталық Азия мен Кавказ бойынша бас директоры Владимир Горбунов.

Параметрлер арқылы пайдаланушылар «Менің толқыным»-ды шоғырландырып, оның қазіргі кездегі қалауларын жақсы түсінуіне көмектесе алады. Бұрын пайдаланушыларға көңіл-күй бойынша параметрлер — Бодрое, Веселое, Спокойное, Грустное; және сипаты бойынша — Любимое, Незнакомое, Популярное қолжетімді болды. Енді сонымен қатар тіл параметрлері — Казахский, Иностранный пайда болды. Зейін қою немесе демалу үшін арнайы параметрі де бар — «Без слов».

«Менің толқыным» — бұл Яндекс Музыка-ның негізгі ұсыныс өнімі, ол пайдаланушыларға олардың қалаулары негізінде жаңа тректер, орындаушылар мен музыкалық жанрларды ұсынады және сәтінде музыка таңдауын тамаша етеді. Ол пайдаланушының қалауларына үздіксіз бейімделіп, олардың өзгерістеріне сәйкес келеді. Шектеулі тректер саны бар плейлисттерге қарамастан, «Менің толқыным» шексіз және ықыласты, ол пайдаланушының әрекеттерін бірден ескереді. «Менің толқыным» дизайны да жеке, тыңдармандардың музыкалық қалауларына сәйкес өзгеріп отырады — анимация композицияның ырғағына сәйкес қозғалады және оның көңіл-күйіне байланысты түсін өзгертіп отырады.

«Менің толқыным» жүздеген факторларды, оның ішінде тректерді өткізу немесе тыңдау, ұнату мен ұнатпау, тіпті қосымша интерфейсі бойынша өтуін де талдайды. Тыңдармандардың белсенділігі тікелей кейінгі ұсыныстарға әсер етеді, бұл қызмет алгоритмдеріне кез келген уақытта ең релевантты тректерді таңдауға мүмкіндік береді.

Өткен жылдың соңында стримиң командасы «Менің толқыным»-ға терең нейрондық модельдерді интеграциялады. Олардың көмегімен ұсыныстар жүйесі пайдаланушылардың музыкалық қызығушылықтарының қалай дамып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Тыңдаулар тарихын, музыкалық тректердің тізбегін және басқа факторларды талдай отырып, «Менің толқыным» адамның музыкалық талғамының  даму бағытын анықтап, оның қызығушылықтарын болжай алады.

Яндекс Музыка пайдаланушылары жаңартуды қазірдің өзінде сынап көре алады. Ол үшін «Менің толқыным» параметрлеріне тіл бойынша өтіп, «Казахский» таңдауы жеткілікті, содан кейін қазақ тіліндегі орындаушылармен танысып, олардың туындыларының кең аудиторияға қолжетімді болғанын көре алады.