Яндекс Қазақстан қолданушыларын Наурыз мейрамымен құттықтады

Еліміздің тұрғындары Яндекстің іздеу парақшасының басты бетінен ерекше құттықтау көре алады. Азаматтар мерекелік атмосфера сыйлайтын такси арқылы қатынап, мерекеге арнайы таңдалған музыка тыңдай алады.

Көктемнің келгенін білдіретін, Наурыз мейрамының құрметіне yandex.kz-те — Яндекс іздеудің басты бетінде – ою пайда болды. Оған шерткен кезде экранды толық алып тұратын акварель сюжет ашылады.

Адам суретке бір қарағаннан ежелгі мейрамның ұлттық колоритіне сүңгіп кетеді. Көктемгі күн мен түннің теңелетін күні қашанда Қазақстан тұрғындары үшін жаңару, жасампаздық және бүкілхалықтық қуаныштың белгісі болған. Көктем келгенде мол жайылған дастарханда туыстар бас қосады, көпшілік той тойлайды, ұлттық би билеп, ән салады, ұлттық спорт жарысына қатысады. Осы дәстүр ұрпақтан-ұрпақтта жалғасып келе жатыр.

наурыз
Фото: Яндекс

Оған қоса Яндекс Қазақстан Яндекс Музыкада мерекелік «Наурыз Толқынын» ұсынды, ол жерден жүйе қолданушылары Роза Рымбаева, Батыр, «МузАрт», Ulytau, M’Dee ft. Dana Tunes және тағы басқа қазақстандық орындаушылардың әнін тыңдай алады.

Мерекеге орай, Яндекс Go сервисінде «Қонаққа» тарифын қосуға болады. Бұл тарифтың атауы жақындарыңызға қонаққа барып, мерекелік дастарханда бас қосу сияқты көп ғасырлық дәстүрмен байланысты. Алматы көшелерінде ұлттық киім элементтері мен мереке белгілері бар Наурызға арнайы брендтелген көліктер жүреді.

наурыз
Фото: Яндекс

Қаланың тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін Яндекс Карталарда мерекелік іс-шаралардың өтетіне байланысты уақытша жолдардың жабылғаны, айналып өтуге болатын жолдар көрсетіліп тұрады.

2024 жылы Қазақстанда Наурыз мейрамы 14-23 наурыз аралығында тойланады. Ал 21-25 аралығы демалыс күндері деп жарияланды. Мейрам уақытынаа елде көптеген іс-шара жоспарланған, тек Алматының өзінде 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылады. Астана, Алматы, Шымкент, Маңғыстау, Өскемен, Орал, Атырау және Қостанай қалаларында өтетін іс-шаралардың өзекті кестесі тақырыптық сурет астындағы арнайы батырманы шерткенде ашылады.