Басты бетЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев...

Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға мемлекеттік сапармен барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Эмманюэль Макронның шақыруымен 4-5 қараша күндері Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, сапар барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.

Сонымен қатар Қазақстан президенті Францияның іскер топтарының бірқатар өкілімен кездеседі.