Басты бетЖаңалықтарАлматыдағы «Медеуге»...

Алматыдағы «Медеуге» дейінгі жол 14 жылда алғаш рет жөнделді

«Медеу» биік таулы кешеніне дейінгі жол 14 жылда алғаш рет жаңартылды. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлап отыр.

Қала әкімшілігі «Медеу» кешеніне дейінгі жолдың 14 жылда бірінші рет жөндеуден өткенін атап өтті.

Биыл ұзындығы 10 шақырым жол учаскесінде асфальтбетон жабыны толығымен ауыстырылды. Сонымен қатар жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алғаш рет 14 шақырымға жуық тратуар салынды.

жол
Фото: Алматы әкімдігі

Демалыс күндері қала тұрғындары «Медеуге» барғанды ұнатады. Көбісі жаяу барады, кейбірі қоғамдық көлікте жүреді. Тротуарлар мен жақсы жол жамылғысы «Медеуге» баратындарға аса қажет, — деп атап өтті жол қауіпсіздігі қауымдастығы.