Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту басты басымдық. Бұл туралы ҚР президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Қазіргі геосаяси жағдай Қазақстаннан негізгі Еуразиялық транзиттік хаб ретіндегі ұстанымын нығайтуды талап етеді. Біз 11 000 шақырым ескі теміржолды қайта құруды және 5 000 шақырымнан астам жаңа теміржол желілерін салуды жоспарлап отырмыз. Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту басты басымдық саналады. Бұл Еуропа мен Азия арасындағы сауда байланысын қамтамасыз етеді. Өткізу қабілеті жылына — 10 миллион тонна жүк. Сондықтан біз жаңа жүк терминалдарын салу және жүк көліктерін бірлесіп шығару арқылы Орта дәліздің инфрақұрылымын дамытудағы инвестициялық мүмкіндіктерге басымдық береміз, — деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дамуы үшін көлік желілерін кешенді дамыту да аса маңызды екендігін аса айтты.
Тек осы жылы ғана біз 12 мың шақырымға жуық жолды жөндедік және салдық, — деді президент.