Басты бетЖаңалықтарАлматыда шамамен...

Алматыда шамамен 40 жылдан кейін құбырлар ауыстырылып жатыр

Алматыда 1986 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан құбыр ауыстырылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Құрманғазы көшесінде Пушкин көшесінен Зенков көшесіне дейінгі құбыр желісін ауыстыру жұмыстары аяқталды. Биыл ұзындығы 305 метр учаске қайта жаңартылды. Ауыстырылған құбыр 1986 жылы пайдалануға берілген және қазіргі уақытта бес көпқабатты тұрғын үй мен төрт басқа нысанды жылу және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Қалада биыл 20 км жылу жүйесі жаңғыртылды. Жөндеу жұмыстары жыл сайын жылыту маусымына дейінгі кезеңде жүргізіледі, бұл жұмыстар Алматының алты ауданында өтті.

Жылу жүйелері қайта жаңартылған учаскелердегі көріктендіру жұмыстары ауа райына байланысты кезең кезеңімен жүзеге асырылады.