Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елдің әнұранын өзгертуді қолдады. Ол Кабар телеарнасына берген сұхбатында «әнұранды өзгертсек жақсы болар еді» деп мәлімдеді.
Әнұранды жаңартқанның несі айып? Қазіргі әнұран 33 жыл бұрын, тәуелсіздікті енді алған кезімізде жазылды. Авторлар азат ел болғанымызды, тәуелсіздік алғанымызды, халық тағдыры өзінің қолында екенін, алға ұмтылу керектігін қуанышпен, толқумен жазды. Қазір біз мемлекет ретінде толық қалыптастық. Әлемге танымал болдық. 100 жылдан кейін де тәуелсіз ел болдық деп жырлай береміз бе? Дербес мемлекет, 5 мың жылдық тарихы бар халық екенімізді айтатын, жастардың, болашақ ұрпақтың рухын көтеретін әнұранды неге жазбасқа?, — деді Садыр Жапаров.
Сонымен қатар қазіргі әнұран да ұмытылмайды – ол мұрағатта алғашқы әнұран ретінде қалады, деп атап өтті Қырғызстан президенті. Ол сонымен қатар кейбір адамдардың туды өзгертуге қарсы болғанын еске алды.
Қазіргі тудың несі жаман? Бұрынғыдан жақсы ғой. Ол күнбағысқа ұқсамайды, енді туға қараған адам бұл күн екенін бірден түсінеді, — деді Садыр Жапаров.