Басты бет / Қоғам /
палестина, газа секторы
Фото: Anadolu

Газа секторында қаза болғандар саны 43 мыңнан асты

Газа секторының денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәлімет бойынша, 2023 жылғы 7 қазанынан бері Израиль армиясының блокададағы Газа секторына жасаған шабуылдарынан құрбан болғандар саны 43 020 адамға жетті.

Бұл туралы ИРНА агенттігі хабарлап отыр.

Жараланғандар саны 101 110 адам болған. Тек кейінгі тәулікте Израиль армиясының шабуылынан 96 Палестина азаматы қаза болып, тағы 277 адам жараланды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, ХАМАС Газа секторы бойынша келісімге келуге дайын екенін хабарлады. Сонымен қатар Мысыр кепілге алынған төрт адамды бірнеше палестиналық тұтқынға айырбастауды ұсынды.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook