Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 43,6 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлап отыр.
1 қазандағы мәлімет бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 260 кәсіпорын 17 мың жұмыскерге 3,8 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығын бұзу фактісі 6,9 мыңға жуықтағаны анықталды.
Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 222 ұйғарым берілді және 34,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, — деп жазылған хабарламада.
Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 15,6 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 3 млрд теңге төленді.
2024 жылғы 1 қазандағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 4 338 тексеру жүргізді, оның барысында 6 935 бұзушылық анықталды, оның ішінде:
- еңбек саласында – 5 119;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 750;
- халықты жұмыспен қамту бойынша – 66.
Жұмыс берушілерге 2 604 ұйғарым беріліп, 331,2 млн теңге сомасына 3 134 әкімшілік айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 28 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.