Қызметкердің еңбек құқығы бұзылса, қайда жүгіне алады?

Қазақстанда шетелдік мамандар жергілікті жұмысшылардан 10 есе көп жалақы алып келген. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы, бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов айтты.

Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс беруші жұмысшыларға бірдей еңбегі үшін тең ақы төлеуі керек. Сонымен бірге оларға өндірісте теңдей жағдай жасалуға тиіс және кемсітпеуі керек.

Төлеген Оспанқұловтың айтуынша, жыл сайын өндіріс орындарына тексеру жүргізілгенімен, мұндай фактілер азаймай тұр.

2022 жылы облыстық прокуратуралар мен еңбек инспекторлары шетелден келген жұмысшыларды тартып отырған 64 кәсіпорынды тексерген. Тексеру барысында еңбекақы төлеудегі айырмашылық бойынша 179 жағдай анықталған.

Қазақстандық және шетелдік қызметкер арасындағы жалақы бойынша диспропорция бар. Алматы облысындағы CITIC Constuction жеке шаруашылық серіктестігіне Қытайдан келген инженердің жалақысы сол лауазымдағы жергілікті маманнан 2,5 есе көп болған. Атырау облысы «Фиркрофт Инжиниринг Сервисез Лимитед» ЖШС-де тура сондай жағдай бойынша мамандардың жалақысының айырмашылығы 10 есе көп болып шықты, — деді Төлеген Оспанқұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Бұған қоса, 399 шетелдік жұмысшы өзіне берілген рұқсат немесе жасалған еңбек шартындағы мамандық бойынша жұмыс істемей келген.

Ведомство басшысы өндіріс орындарында қызметкердің құқығы бұзылса, қайда жүгінуге болатынын айтты.

2021 жылдан бастап Enbek.kz деген сайт жұмыс істеп тұр. Бұл сайтқа жұмыс беруші де, жұмысшы да кіріп, сұрағын қойып, жауап ала алады. Еңбек құқығы бұзылған әр адам жергілікті мемлекеттік еңбек инспекциясына арыздана алады. Олар өтінішке құлақ аспаса, тікелей министрлікке жүгінуіне болады. Біз шара қолданамыз, — деді ол.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақстанда үш мыңнан астам сарбаз әскери ант қабылдады

Астанада «Отан қорғаушылар» алаңында Ақмола өңірлік гарнизонының №68665 әскери бөліміне келген жастар салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсіміне қатысты.

Президент Александр Лукашенконың Қазақстан туралы мәлімдемесіне пікір айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь президенті Александр Лукашенконың сөзіне пікір айтты.

Жетісу облысында малшылар кооперациясын құру жоспарланып отыр

"Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша Жетісу облысына ауыл тұрғындарының жағдайын жақсарту үшін 3,2 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің Кербұлақ ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылды.

Қазақстанда Ата-аналар кодексі әзірленеді

Елімізде Ата-аналар кодексі әзірленеді. 2023-2025 жылдарға арналған «Бала қорғау» кешенді жоспары «Ашық» НҚА порталында жарияланды.

Мәжіліс депутаты еліміздегі интернет сапасын сынға алды

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев Қазақстандағы интернет сапасын сынға алды.

2023 жылы БҚО-да 570 шақырым жол жөнделеді

Қазіргі таңда облыс бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6 176 шақырымды құрайды. Оның 4762 шақырымы жергілікті маңызы бар жолдар болса, 1414 шақырым жол республикалық маңызға ие.