Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 488-494 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 10 қазанға арналған ресми бағамы – 1 долларға 489,06 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,05 теңге. Еуро – 536,21.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 491,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 494,5 теңге. Еуро 535,5-540 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 488 теңге, сатып алу құны – 493 теңге. Еуро 533 теңгеден сатылып, 539 теңгеден сатып алынады. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,00-5,10 аралығында саудаланып жатыр.