Басты бетPush27 қыркүйекте...

27 қыркүйекте Қазақстанның 4 қаласында ауа ластанады

Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа ластанады. Бұл туралы Казгидромет хабарлады.

2024 жылғы 27 қыркүйекте  Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Теміртау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.