Боксшы Геннадий Головкин World Boxing ұйымының олимпиада комиссиясын басқарады. Бұл туралы ҰОК хабарлады.
Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) Олимпиада комиссиясының төрағасы болды, – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, World Boxing былтыр сәуірде құрылған. Қазір ұйымға әлемнің 44 еліндегі ұлттық федерациялар мүше.