Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов «Әзірет Сұлтан» мұражай-қорығын мемлекеттік қорғауға алу туралы қаулыға қол қойды.
«Әзірет Сұлтан» 2023 жылы ұлттық мәртебеге ие болды. Күзет қызметін полицияға тапсырғаны соған байланысты болуы мүмкін, – деді «Әзірет Сұлтан» мұражай-қорығының директоры Мәулен Садықбеков.
Енді нысанның қауіпсіздігін ішкі істер органдарының тиісті бөлімшелері қамтамасыз етеді.