Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат олимпиадасында күміс медаль алды. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясы хабарлады.
Құрамында Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман, Әмина Қайырбекова бар шахматтан әйелдер құрамасы Будапеште өткен шахмат олимпиадасында күміс медаль алды.
Қазақстан әйелдер құрамасы 11 ойында 18 ұпай жинады. Соңғы турда АҚШ құрамасымен 2:2 есебімен тең түсіп, екінші орынға тұрақтады. Үндістан әйелдер құрамасы чемпион атанса, АҚШ қола медаль алды.
Қазақстан әйелдер құрамасы олимпиада барысында Қытай, Украина, Грузия, Польша сияқты құрамаларды жеңді. Бұл – Қазақстанның шахмат олимпиадасындағы ең үздік нәтижесі.