Қазақстандық жас шахматшылар әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Қазақстандық жас шахматшылар Италиядағы Монтесильвано қаласындв өткен балалар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

2009 жылға дейін туылған қыздар арасында Эльназ Калиахмет  күміс медальді жеңіп алды.

2005 жылы туған және соған дейін туылған жасөспірімдер арасында астаналық Алдияр Аңсат қола жүлдені жеңіп алды, — делінген хабарламада.

Үшінші қоланы 16 жастағы Алуа Нұрманова жеңіп алды. Ол бірінші орын алған Александра Шведованы (ФИДЕ) ұтты.