Үндістаннан Ресейге бет алған ұшақ Ауғанстанда апатқа ұшырады

Үндістанның жолаушылар ұшағы Ауғанстанның Бадахшан провинциясының тауларында апатқа ұшырады. Бұл туралы Паджвак агенттігі жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасай отырып, Паджвак агенттігі хабарлады.
Жексенбі күні жергілікті шенеуніктер Үндістанның жолаушылар ұшағы Бадахшанның таулы аймақтарында құлағанын хабарлады, — делінген хабарламада.
Ұшақ Бадахшан провинциясында техникалық ақауға байланысты құлаған. Агенттік ұшақтың үлгісін және бортта болған адамдардың санын нақтыламады.
«Талибан» қозғалысының өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтау үшін аймаққа арнайы топ жіберілгенін мәлімдеді.
Кейін Ауғанстанда жоғалып кеткен Falcon ұшағы Ресейдің азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізімінде тіркелгені белгілі болды. Бұл туралы Росавиация хабарлады.
Алдын ала болжам бойынша, бортта алты адам болған: төрт экипаж мүшесі және екі жолаушы.
Falcon 1 Гая (Үндістан) — Ташкент — Жуковский бағыты бойынша чартерлік санитарлық рейсін орындаған.