Абай облысындағы Аягөз гарнизонының офицері қайтыс болды. Оқиға 19 қыркүйекте болған. Бұл туралы Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі хабарлап отыр.
19 қыркүйекте жұмыстан тыс уақытта Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қызмет ететін офицердің денесі үйінен табылды. Алдын ала ақпарат бойынша, офицер өзіне қол жұмсаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматыда құрлық әскерлері әскери институтының аумағынан 44 жастағы сержанттың денесі табылғанын хабарлаған едік.