Паралмипиада ойындарының жеңімпаздары Ақмарал Науатбек пен Ерғали Шәмейге Астанадан пәтер және ақшалай сыйақы берілді. Сертификатты Астана әкімі Жеңіс Қасымбек табыстады.
Ақмарал Науатбекке үш бөлмелі пәтердің сертификаты және 30 млн теңге ақшалай сыйақы, ал оның жаттықтырушысы Айдын Анапинге 10 млн теңге табыс етілді. Ерғали Шәмейге екі бөлмелі пәтердің сертификаты мен 25 млн теңге ақшалай сыйақы берілді. Оның жаттықтырушысы Дәурен Оразовқа 7 млн теңге табыс етілді. Ақшалай сыйақы демеушілер тарапынан берілді, — деп жазған Жеңіс Қасымбек Instagram аккаунтында.
Естеріңізге сала кетейік, Ақмарал Науатбек — пара дзюдодан Паралимпиада алтынын жеңіп алған алғашқы қазақстандық спортшы. Ал Ерғали Шәмей Паралимпиаданың күміс медалін жеңіп алған еді.