Қырғызстанның Көк бөрі федерациясы Қазақстан құрамасымен реванш өткізуді ұсынды. Реванш Ыстықкөл жағасында биылғы жылдың 1 қарашасында өтуі мүмкін. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан хабарлап отыр.
Федерация басшысы Рамис Жүнісәлиев екі ел құрамы арасындағы даулы мәселелерді шешу үшін реванш өткізуді ұсынған.
Біз 1 қарашада баяғы құраммен көк бөрі мен көкпар ойнауды ұсынамыз. Бұл — спорт. Ойын екі халық арасында алауыздық тудырмауы керек. Біз халықтарымыздың келісімі үшін жеке амбициялардан бас тартуға дайынбыз. Төреші басқа елден болады, — деді ол баспасөз мәслихатында.
Естеріңізге сала кетейік, 12 қыркүйекте V дүниежүзілік көшпенділер ойынында көкпардан Қазақстан және Қырғызстан құрамалары кездесіп, Қазақстан құрамасы жеңіске жеткен.
Осы ойында екі құрама спортшылары арасында жанжал туып, ойын уақытша тоқтатылған еді.